$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда отадан кейін оянған әйел арқасы күйіп қалғанын байқаған

Науқасқа арқасының қалай күйіп қалғанын ешкім түсіндіре алмады.

Атырау ауруханаларының бірінде өт қабын алуға жасалған отадан кейін оянған науқастың арқасы күйіп қалған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ота наркозбен жасалған. Әйел оянған соң арқасын күйік шалғанын байқаған.

"Ота іш маңайында жасалды, отадан кейін менің демалуым керек. Бірақ арқамды күйік шалуына байланысты бір қырмен жатуға мәжбүрмін. Солай жатқандықтан ішім ауырады, тынығу мүмкін емес", - деп шағымданды науқас.

Науқасқа арқасының қалай күйіп қалғанын ешкім түсіндіре алмады.

Айтуынша, бұл жағдай мейірбикенің немқұрайлылығынан болған. Металл тақтайшаны уақытында алмауынан немесе дұрыс қоймауынан болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#операция