Нұр-Сұлтан тұрғыны көпқабатты үйдің 16-қабатынан секіріп кетті. Тергеу жүріп жатыр. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 15 маусым күні "102" нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.
"Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.
Полиция марқұмның 16-қабаттан секіріп кеткенін нақтылады. Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.