$ 447.4  477.55  4.76

Шілдеден бастап елорда әуежайында ұшақтар түнде ғана ұшып-қонады

Президентке қызмет көрсететін мемлекеттік күзет қызметі мен «Бүркіт» әуе компаниясы да осы тәртіппен жүреді.

Келесі айдан бастап елордадағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты, ұшақтар түнде ғана ұшып-қона алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өйткені жөндеу жұмыстары 15 шілде мен 8 тамыз аралығында 11:00-ден 18:00-ге дейін жүргізілмек. Ал түнде рейстерді қабылдау және ұшыру шаралары атқарылады.

Бұған қатысты тиісті ақпарат әуе компанияларына ақпан айында берілген. Ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына орай рейстердің кестесіне түзету содан кейін енгізілді.

Президентке қызмет көрсететін мемлекеттік күзет қызметі мен «Бүркіт» әуе компаниясы да осы тәртіппен жүреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары