$ 444.32  473.33  4.76

«Сатыдан итеріп жіберіп, артынша итше тепкіледі»: Әйтеновтің бұрынғы әйелі халықтан көмек сұрады

Келіншек бұрынғы күйеуінің өзін тоғыз жыл бойы ұрып-соғып, ажырасқаннан кейін бар мүлкін тартып алып, үш баласымен далада қалдырғанын айтады.

Өзін Дана Әтешова деп таныстырған келіншек бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің өзіне көрсеткен қысастық әрекеттері туралы Instagram желісінде мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желідегі парақшасына бейнеүндеу жүктеген Әтешова өзінің бұрынғы қайын інісі әрі Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің туған ағасы Марат Әйтеновті жөнге салуды сұраған, деп хабарлайды Экспресс К.

Келіншек бұрынғы күйеуінің өзін тоғыз жыл бойы ұрып-соғып, ажырасқаннан кейін бар мүлкін тартып алып, үш баласымен далада қалдырғанын айтады.

Тоғыз жыл бойы аяусыз таяқтың астына алғанда бірде-бір мәрте бетіне қарсы келген емеспін. Көгерген жерлерімді ешкімге көрсетпедім. Ешқайда арызданбадым. Отбасым үшін бәріне көндім, - дейді Әтешова.

Әйелді ендігі жерде көрген құқайын ашық айтуға бел байлауына күйеуінің үн-түнсіз ажырасып кеткені себеп болыпты. Жұбайының бар мәселені ың-шыңсыз шешуіне оның заңгерлік білімі мен тамыр-таныстары септігін тигізгенге ұқсайды.

"Бұрынғы күйеуім арамызға балаларымды салып, маған қысым көрсете бастады. Оларды алып кетіп, белгіленген мерзімде қайтармайтынды шығарды. Содан кейін ел арасында балаларымның менімен бір үйде тұрғысы келмейтіні жайлы өсек тарата бастады. Енді көршілерге барып екеуміздің ұрсысып жатқанымыз түсірілген бейнежазбаны көрсетуді бастапты. Ол маған қол көтеріп, соны телефонға түсіріп алған. Сол әрекетінен бір ай бұрын мені биіктігі үш метр сатыдан итеріп жіберіп, артынша итше тепкілегені және бар. Содан мен бір ай бойы жүре алмай қалдым", - делінген әйелдің жазбасында.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтенов 2022 жылдың наурыз айына дейін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамында қоғаммен байланыс жөніндегі атқарушы директор қызметін атқарған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары