Қытай ғалымдары "Чанъе-5" ғарыш аппаратының айдан жеткізген топырақ үлгісі мен аспан денесінде жүргізілген зерттеулердің көмегімен судың қайнар көзін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ғалымдар алдымен Қытай зонды қонған кратерде судың белгілерін кездестірген. Содан кейін жерге жеткізілген топырақтың құрамынан суы бар гидроксоапатит деп аталатын минералды тапқан.
Қытайдың айды зерттеуге аттандырған "Чанъе-5" ғарыш аппараты жерге 2020 жылдың желтоқсан айында оралған болатын.