$ 494.87  520.65  4.91

Дәмханада қызбен таныспақшы болған ер адам төрт жылға сотталуы мүмкін

Ер адам таныстықты әрі қарай жалғастыруды ұсынып, өзімен бірге жүруге шақырған. Бірақ қыз бас тартқан.

Нұр-Сұлтанда 36 жастағы ер адамның оғаш әрекеті видеоға түсіп қалды. Ол дәмханадағы тынысқан қызға ашуланып, ұялы телефонын тартып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полицияға арызданған қыз белгісіз адамның таңғы сағат 05.00 шамасында Бейбітшілік көшесінде "Айфон 11" маркалы ұялы телефонынын бәрінің көзінше тартып алғанын айтты.

Тергеу кезінде 32 жастағы жәбірленушінің дәмханаға барғаны анықталды. Сол кезде телефон ұрлап кеткен ер адаммен танысты. Дәмхана жабылғанда далаға бірге шыққан. Ер адам таныстықты әрі қарай жалғастыруды ұсынып, өзімен бірге жүруге шақырған. Бірақ қыз бас тартқан.

"Ер адамның ашуланып, әйелдің ұялы телефон тартып алған. Сосын оқиға орнынан қашып кетті. Жедел-іздестіру шаралары барысында 36 жастағы қала тұрғынын ұсталды", - дейді тәртіп сақшылары.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктінің елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 360 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары