$ 446.49  475.38  4.79

Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында төртінші алтын медаль алды

Қазақстандық Никита Абдрахманов ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізді.

Қазақстандық Никита Абдрахманов ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мексиканың Леон қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада ол 102 келі салмақта бақ сынады. Қоссайыстың қорытындысымен спортшымыз 348 (157+191) келіні көтерді.

Күміс медаль өзбекстандық Кудратбек Салимжоновқа бұйырса, үздік үштікті түркиялық Баки Кетмет түйіндеді.

Бұл – қазақстандық спортшылардың әлем чемпионатынан алған төртінші алтын медалі.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Денис Полубояринов (81 келі), Едіге Емберді (73 келі) және Ерасыл Сәулебеков (67 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары