Атырауда “Атырау” мен “Ақтөбе” футбол командаларының жанкүйерлері жаппай төбелесіп, 30-дан астам адам ұсталды. Арасында балалар да бар, деп хабарлайды Экспресс К.
Бүгін мұнайлы астананың орталық алаңында "Атырау" мен "Ақтөбе" футбол командалары кездеспес бұрын, жанкүйерлер төбелескен. Олар бір-бірлеріне дыбыс шығаратын граната лақтырған. Арасында балалар да бар.
"Сағат 17:55 шамасында Атырау-Ақтөбе футбол құрамаларының ойыны басталмас бұрын стадион алдында жанкүйерлер арасында қақтығыс болған. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында құқық бұзушылыққа жол берген 30 адамды Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізді. Тиісті іс-құжаттар жинақталуда", — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Полиция жанкүйерлердің қару қолданғанын жоққа шығарды.