Елордалық балаларды дамыту орталығындағы жантүршігерлік оқиға болды. Балабақша тәрбиеленушісі ер бала өзімен жасты қызды ұрып-соғып, еденде сүйреген, деп хабарлайды “Астана” арнасы.
Бұл кіші топтағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Айтуынша, қыз ер баланың қорлығына үш сағат бойы шыдауға мәжбүр болған. Алайда тәрбиешілер мұны "жай жанжал" деп, араласпауды жөн көріпті. Полиция тергеуді бастағанын айтты.
“Балаларды дамыту орталығы мұғалімінің заңсыз әрекетінің фактісі бойынша Алматы аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі – "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша іс жүргізіліп жатыр”, – дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Эльмира Шәуленова.
Кәмелетке толмаған балаға сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.