$ 444.32  473.33  4.76

Астананың төрінде қарасора өсірген жігіттер ұсталды

«Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полицейлер елорда орталығында жертөле қабатындағы жалға алынған үй-жайда құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірген екі адамды қамауға алды.

«Тінту кезінде қарасора өсіруге арналған арнайы жабдықтар алынды: шамдар, желдеткіштер, контейнерлер. Сонымен қатар тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған препараттар мен тыңайтқыштар, буып-түю материалдары, электронды таразылар тәркіленді», – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, күдіктілер қылмыстық ниетті іске асыру мақсатында жылу режимі мен ылғалдықты сақтай отырып, желдеткіштерді, шамдарды, тамшылатып суару жүйесін орнату арқылы есірткі өсімдіктерін өсіруге жағдай жасаған.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#есірткі