Жамбыл облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 2 адам қаза тапты. Жамбыл облысы прокуратурасының хабарлауынша, 21 маусымда сағат 00:10 шамасында Т.Рысқұлов ауданына қарасты «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолының 389 шақырымында Алматыға қарай бара жатқан жолаушылар автобусы жол апатына ұшыраған.
Оқиға салдарынан 2 жолаушы қайтыс болған, 16 адам әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханасына жеткізілді.
«Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімі ҚК-тің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Қылмыстық істің тергеу барысы Жамбыл облысы прокуратурасының қатаң бақылауында», - делінген ведомствоның хабарламасында.