$ 449.58  486.94  4.86

Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің өтетін орны ресми жарияланды

Жекпе-жек супер орта салмақта өтеді.

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің өтетін орнын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Олардың бұған дейінгі соңғы екі кездесуі де дәл сол жерде өтті, оның біріншісі тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық боксшыға берді, бірақ кейін көптеген сарапшылар бұл нәтижені әділетсіз деп санаған. Жекпе-жек супер орта салмақта өтеді.

«Канело» бұл категорияда абсолютті әлем чемпионы болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары