$ 444.32  473.33  4.76

Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болып, 250 адам көз жұмды

Жергілікті билік өкілі құрбан болғандар саны артуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

 Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Пактика провинциясында болған қуатты жер сілкінісінен кемінде 250 адам көз жұмып, тағы 150-ге жуығы жарақат алды, деп хабарлайды ВВС.

Америка сейсмологтарының мәліметінше, 6,1 балдық жер сілкінісі таңсәріде 51 шақырым тереңдікте болған. Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан қираған үйлерді, көшелерде шашылып жатқан сынықтар мен үйінділерді, зардап шеккен адамдарды көруге болады. Жергілікті билік өкілі құрбан болғандар саны артуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост қаласынан шамамен 44 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулері елдің шекарасынан 500 шақырымнан астам қашықтықта сезілді. Соның ішінде Пәкістан мен Үндістан бар. Америка сейсмологтарының мәліметінше, зілзала Ауғанстан астанасы Кабулда және Пәкістанның астанасы Исламабадта да сезілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары