Алматыда криминалдық полицейлер іздестіру нәтижесінде, 250-ге жуық смартфонды тапты деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстандық алыпсатар Қырғыз елінің азаматымен өзара келісіп, Алматыда ұрланған смартфондарды беріп жіберіп отырған. Оның орнына Бішкекте қолды болған гаджеттерді айырбастап алған. Күдікті қамауға алынды. Телефондардың бір бөлігі иелеріне қайтарылды.
«Іздестіру барысында полицейлер 1989 жылы туған П. есімді азаматты ұсталды. Оның қылмыстық жолмен табылған ұрланған заттарды сатып алатыны белгілі болды. Полицейлер 202 шағым негізінде 246 ұялы телефонды іздеді. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.