Ауғанстанның Пактика және Хост провинцияларындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1500-ге жетті, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Al Jazeera телеарнасы табиғи апаттан 2 мыңнан астам адамның зардап шеккенін мәлімдеді.
Жергілікті билік зілзала құрбандары мен жараланғандар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін деп қауіптенеді.
Еске салсақ, маусымның 22-іне қараған түні Ауғанстанның Пактика, Хост, Лагман, Газни, Логар және Кабул провинцияларында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды. Талибан басшылығы зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 1,1 миллион доллар бөлуді мақұлдады.