24.06.2022, 00:00

Проблемалық несиесі бар азаматтарға жеңілдік жасалады

Елімізде бір миллионға жуық отандасымыз қарызын өтей алмай отыр екен. Енді соларды негізсіз бопсалайтын коллекторды жауапкершілікке тарту көзделген.

Проблемалық несиесі бар азаматтарға жеңілдік жасалады және олардың құқығы қорғалады, деп хабарлайды Atameken Business.

Бүгін Сенатта осыған қатысты заң жобасы мақұлданды. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова коллекторларға талап күшейтілетінін айтты. Демек, мерзімі өткен несиесі бар азаматтарды ешкім беймезгіл уақытта мазалай алмайды. 

Елімізде бір миллионға жуық отандасымыз қарызын өтей алмай отыр екен. Соларды бопсалайтын коллекторды жауапкершілікке тарту көзделген.

 

 

Тегтер: несие