Қазақстандық боксшы Иван Дычко Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Sports.kz.
Отандасымыз аргентиналық Кевин Эспиндоламен жұдырықтасты. Суперауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған және ол соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде Иван Дычко төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісі. Ал Кевин Эспиндола мансабында төртінші рет жеңіліп отыр. Еске сала кетейік, Иван Дычко бұған дейінгі барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған еді. Отандасымыз шаршы алаңға биылдыққа алғаш рет шықты.