24.06.2022, 12:20

Иван Дычко кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөз
Отандасымыз аргентиналық Кевин Эспиндоламен жұдырықтасты.

Қазақстандық боксшы Иван Дычко Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Sports.kz. 

Отандасымыз аргентиналық Кевин Эспиндоламен жұдырықтасты. Суперауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған және ол соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде Иван Дычко төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісі. Ал Кевин Эспиндола мансабында төртінші рет жеңіліп отыр. Еске сала кетейік, Иван Дычко бұған дейінгі барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған еді. Отандасымыз шаршы алаңға биылдыққа алғаш рет шықты.