Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 1973 жылы туған Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Антикорға сілтеме жасап.
Антикор өкілдері іздеудегі күдіктіні анықтау немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда Агенттіктің көрсетілген телефондары бойынша хабарлауды сұрады.
call-центр 1424 +7 (7172) 909 260 +7 (727) 278 7300 +7 (707) 978 0808
Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 000 000 теңгеге дейін сыйақы көзделген.
Ведомство хабарламаның құпиялығына кепілдік берілетінін атап өтті.