Instagram-да Halyk Bank әрбір қазақстандыққа 500 000 теңге және одан артық көлемде ақша төлеуге міндеттелгені туралы ақпарат тарады. Төлемді алу үшін сілтеме бойынша өтіп, онлайн-платформада тіркелу қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл – алаяқтардың ісі. ҚР Қаржы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
“Жазбада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың суреті берілген. Бұл ақпараттың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, сондай-ақ Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа қатысы жоқ. Оны алаяқтар таратқан, бұл ақпарат – фейк. Мұндай сілтемелер бойынша өтпеуіңізді сұраймыз”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ведомство түрлі төлемдер төленетіні туралы күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырды.
“Әдетте бұл желі қолданушыларының жеке мәліметтері мен қаражатын иемденуді мақсат еткен алаяқтардың ісі болады”, – делінген хабарламада.