$ 494.87  520.65  4.91

«Қызға екі рет ота жасалып, жатырын алуға тура келген»: Түркістанда педофил әке сегіз жасар қызын зорлаған

Айыптау қорытындысы бойынша барлығы 2019 жылдан бері болған. Яғни, Жаңа жыл қарсаңында бірінші рет болған. Ал қыз үш жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырады.

Түркістан облысында сегіз жасар қызды өгей әкесінің зорлауына қатысты жантүршігерлік істе жаңа мәліметтер анықталды. Сотталушы үш жыл бойы балаға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы Шұбарсу ауылының тұрғынына қатысты кәмелетке толмаған өгей қызын бірнеше рет зорлау ісі бойнша сот жалғасуда.

Сот барысында ашылған жаңа мәліметтер жаға ұстатты. Otyrar.kz басылымының мәліметінше, Тергеушілер анықтағандай, сегіз жасар қызды өгей әкесі зорлауы бір реттік оқиға емес, үш жыл бойы жалғасқан.

"Айыптау қорытындысы бойынша барлығы 2019 жылдан бері болған. Яғни, Жаңа жыл қарсаңында бірінші рет болған. Ал қыз үш жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырады. Прокурор Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп тануын сұрады", – дейді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Мадалиев.

Қосымша дәлелдемелерді назарға ала отырып, мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыны кінәлі деп танып, 22 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысына қарасты ауыл тұрғыны педофилия жасады деп айыпталып, ісі сотқа түскені хабарланған болатын.

Бастапқыда іс материалдары бойынша, ер адамның сегіз жасар өгей қызын аяусыз зорлағаны, содан кейін балада қан кеткен, бірақ ол қызды сонда да мектепке жібергені айтылған еді.

Сол күні ер адам ұсталды, ал бала ауруханаға жеткізілді. Қызға екі рет ота жасалып, жатырын алуға тура келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары