«Эйр Астана» әуе компаниясы басшысының әйелі Татьяна Фостер блогер Денис Кривошеевті жала жапты деп айыптап, сотқа беретінін айтты деп хабарлайды orda.kz. Ол Instagram желісінде көрсетілген қымбат әшекейлердің жарнамалық серіктестікі екенін айтты.
Блогер Денис Кривошеев Air Astana билеттерінің бағасын Татьяна Фостер Instagram желісінде көрсеткен әшекей бұйымдарының құнымен байланыстырды. Блогер әйел қымбат әшекей бұйымдарды күйеуі әуе компаниясының басшысы Питер Фостерден сыйлық ретінде алғанын айтқан.
«Болжам бойынша, «Графф» сақинасының құны 235 миллион теңге, ал оның «Эйр Астанадан» түсетін табысы шамамен 280 миллион теңге. Қалай ойлайсыз, ол жалақысын толық әйелінің қолына ұстатты ма, әлде бұл жалақыдан тыс табыс па?» деп жазды Кривошеев Facebook парақшасында.
Татьяна Фостер Orda.kz тілшісіне қымбат әшекейлері бар жазбаның шын мәнінде жарнама екенін айтты.
— Мен Денис Кривошеевтің менің Instagram желісіндегі Farro компаниясымен жасаған соңғы жарнамалық жазбамды пайдаланып, жала жабуға барғанына ренжідім. Бұның жарнама екені қолмен қойғандай көрсетілген, – дейді ол.
Татьяна Фостер өз парақшасында мұндай ынтымақтастық аз емес екенін атап өтті.
— Мен брендтермен коммерциялық шартпен жұмыс істеймін, бірақ бұл заттар маған тиесілі емес. Олар мен үшін және менің отбасым үшін өте қымбат тұрады. Бұл инстаграмдағы менің жеке бизнесім. Басқаларға қарағанда мен жұмысымды жылдар бойы дамытып келемін, серіктестермен жұмыс істеймін және жалпы өзімнің аз да болса тәуелсіз табысым бар екенін мақтан тұтамын. Мен Денис Кривошеевтің кешірім сұрауын талап етемін, әйтпесе, жаладан қорғану үшін сотқа жүгінуге мәжбүр боламын, – деді Татьяна Фостер.