Көпшілік қазақтың көнеден келе жатқан салт-дәстүріне мұндай жаңашылдық қоспау керек деп қарсы болып жатыр.
Ожау арқылы жасалатын жаңа ырымның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Экспресс К.
Бейнежазбада ожауды келінді әкелген көліктің үстіне қояды. Содан соң темір тұлпар жүріп кетеді. Ал тойға келген қонақтар ожаудың жерге құлап түскен сәтін көру үшін көліктің артынан жаяу ілеседі.
Жерге түскен ожаудың ойық беті жоғары қараса, жас келіннің мінезі ашық болады. Ал төңкеріліп түссе, тұйық мінезді келін болады делінген желідегі жазбада.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары ойлап тапқан жаңа ырым қазақтың салтына мүлде сәйкеспейтінін айтады.
«Мұндай салт жоқ. Бұл ширк», «Қазіргі келіндер ожауыңа қарап тұрған жоқ», «Неге қазақтар бірнәрсе ойлап табуға әуес. Ата-бабаларымыз қалдырға дәстүрлер көп емес пе?»,
— деп жазды пікір білдірушілер.