26.06.2022, 10:42

Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жеңісіне жетті

Фото: ашық дереккөз
Ол Лас-Вегаста өткен UFC on ESPN 38 турнирінде қарсыласы америкалық жекпе-жек шебері Нил Мэгниді жеңді.

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC on ESPN 38 турнирінде қарсыласы америкалық жекпе-жек шебері Нил Мэгниді (26-8) жеңді.

Бірінші раундта Рахмонов қарсыласына көбірек соққы жасады. Екінші раундта да қазақстандық шабуылын тоқтатпады, ал раунд аяқталуына үш секунд қалғанда қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. 

Осылайша, Рахмонов UFC-дегі төрт жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Ал Мэнги UFC-де 27-рет октгонға шығып, сегізінші рет жеңіліп отыр.