Әлеуметтік желіде мемлекеттік туды қап ретінде пайдаланғандардың видеосы қазақстандықтардың ашуына тиді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде таралған видеода әлдекімдердің мемлекеттік туды қап ретінде пайдаланғаны анық көрінеді. Видео авторының мәліметінше, оқиға Алматы қаласы Жетісу ауданындағы Бөкейханов көшесінде орын алған. Сенбілікке қатысушылар қап таба алмағандықтан оның орнына мемлекеттік туды пайдаланған көрінеді.