27.06.2022, 14:20

World Business Consulting қаржы пирамидасынның жетекшілері сотталды

Сонымен қатар, пирамида схемасының тағы бес ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланған.

Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша соталды тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

«Ұйымдастырушылары азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынды. Бұл компаниялар сыйақыны алуға кепілдік берді. 2018-2021 жылдары WBC қаржы пирамидасына жалпы сомасы 5,8 миллиард теңге тартылды. Соталды тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді», - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, сот үкімі бойынша қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сонымен қатар, пирамида схемасының тағы бес ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланған.