$ 448.15  483.46  4.86

Үш миллион қазақстандықтың кредитін кешірудің жолы бар

Қазақстанда кредиттің ең жоғары мөлшерлемесі 56%-тен 20%-ке дейін төмендеген жағдайда, елде кредиті барлар автоматты түрде азаяды.

Қазақстанда кредиттің ең жоғары мөлшерлемесін қайта қарау ұсынылды. Экономист Марат Әбдірахманов қазіргі 56% ставканы мүлдем тиімсіз деп атады, деп жазады Спутник.

Оның айтуынша, Азаматтық кодекс туралы заң бойынша несиелеудің шекті мөлшерлемесі экономикалық жолмен, соның ішінде Дүниежүзілік Банктің нормативтеріне сәйкес есептелуге тиіс.

"Бұл ставканың мөлшері Қазақстан экономикасының жалпы рентабельділігіне байланысты және одан жоғары бола алмайды. Ал бұл көрсеткіш 2021 жылы шамамен 20%-ті құрады. Мәселені шешу үшін Азаматтық кодекстің тиімсіз келісімдер бойынша барлық міндеттемені алып тастау туралы нормасын қалпына келтіру қажет", – деді сарапшы.

Әбдірахманов 1999 жылға дейін қолданыста болған Азаматтық кодекстің осы нормасын қалпына келтірген жағдайда, 3 миллион адамның кредиті сот арқылы есептен шығарылатынын мәлімдеді.

"Талап" зерттеулер орталығының директоры – Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев та жылдық 56% мөлшерлеме Қазақстан үшін ойға қонымсыз екенін мәлімдеді.

"Ол еш нәрсеге негізделмеген және дамыған елдердің басым көпшілігіне қарағанда әлдеқайда жоғары. Бұл үкіметтің және осы жылдар ішінде экономикалық саясатпен, қаржы нарығын реттеумен айналысқандардың қателігі. 56% – бұл тонау", - деді ол.

Халық партиясы төрағасының орынбасары ең жоғары ставканы "қайта қаржыландыру ставкасынан екі есе мөлшерде белгілеу керек"деп атап өтті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары