Атырауда 17 маусым күні Каспий қайраңындағы «Қашаған» кен алаңы маңайынан және «Ақжайық» табиғи резерваты аумағынан «қарабас шағаланың» 1000-ға тарта өлексесі табылды, деп хабарлайды 24.kz.
Ал бүгін оның саны 5 мыңнан асты. Бір таңқаларлығы, өліп жатқан тек шағалалар екен. Басқа құстардан қандай да бір ауру белгілері анықталмапты. Осыған орай Елордадан арнайы орнитолог мамандар шақырылды. Өлген шағалалардан сынама алынып, зертханаға жіберілді.