28.06.2022, 17:00

«Халқымызды қорлады»: Белгілі заңгер Кеосаянды сотқа берді

Кеше мен Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына осындай талап арыз бердім.

Қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейманов Тигран Кеосаянды сотқа берді, деп хабарлайды «Адырна».

«Кеосаян халқымызды қорлады.  Бұл істегі ұстанымы үшін СІМ-ге рахмет. Бірақ қазақтар да жауап беруі керек. Заңға сәйкес, жауапкер шетелдік болса да, мұндай істер бойынша біздің қазақстандық сотқа шағым беруге болады. Кеше мен Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына осындай талап арыз бердім.

Мен соттан Кеосаян өзінің Youtube каналында қателескені туралы жаңа бейнежазба жариялауын сұраймын. Одан басқа ештеңе қажет емес»,— деді ол.