29.06.2022, 13:00

Қостанай облысында зейнеткер алаяқтардың арбауына түсіп, бар ақшасы мен баспанасынан айырылып қалды

Фото: ашық дереккөзден
Алаяқ өзін құқық қорғау саласының маманы деп таныстырған.

Қостанайдың 76 жастағы тұрғыны баспанасыз және ақшасыз қалды. Алаяқтар оның 23 миллион теңгесін иемденіп кеткен. Бұл оқиғаға қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, зейнеткерке белгісіз адам қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Олар қарияның шотында ақша бар екенін, алаяқтар осы қаржыға ипотека рәсімдегісі келетінін айтқан.

«Олар менен ипотека рәсімдедіңіз бе, деп сұрады. Мен бұл туралы алғаш рет естідім. Жеке үйім болған кезде, ипотеканың не керегі бар? Бейтаныс адам менің банкке баруымды өтінді. Сондықтан оның сөзіне сеніп қалдым», - дейді Қостанай тұрғыны.

Сонымен қатар қарт тағы ер адам хабарласқанын, ол өзін құқық қорғау саласының маманы деп таныстырғанын жеткізді. Ол қаржы полициясынан Артур есімді қызметкер хабарласынын айтқан. Расында да, кейінірек зейнеткерге осы жігіт хабарласқан. Ол қарт әжейдің ақшасын депозитте сақтауға көмектесетінін жеткізген.

Жәбірленуші барлық нұсқауларды орындаған. Оған 10 млн теңге шешу керек болған, бірақ алдымен оның қолына 6 млн теңге ғана берді, қомақты қаржыны алғаннан соң ол «жалған жұмыскерге» қоңырау шалып, ақшасы бар екенін хабарлады.

«Осыдан кейін ақшаны қайда салатыны туралы мекен-жай айтылған. Келесі күні зардап шегуші тағы да бейтаныс адамға қоңырау шалып, банкке барып қалған соманы шешкенін жеткізген. Содан соң оны терминал арқылы аударып жіберген», - деді ведомство.

10 млн теңге алған алаяқтар мұнымен тоқтамаған. Қарт әжейге оның үйі сатылымға шығарылғанын хабарлаған. Баспанасыз қалмау үшін оны тез арада сату керек деген пәрмен берілген. Оның үйіне бірден сатып алушы табылып, ауданы 85 шаршы метрді құрайтын пәтерін 13 млн теңгеге сатып жібереді. Ақшаны Қостанай тұрғыны тағы да алаяқтардың шотына аударды. Зейнеткер алданып қалғанын түсінген уақытта полицияға жүгінген.