$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда медицина факультетінің студенті өз-өзіне қол жұмсады

Ол емтиханда төмен бал алып қалған.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Алматыда медициналық университет студентінің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.

Orda.kz редакциясына анонимді дереккөз хабарласып, Қазақстан-Ресей медицина университетінің жалпы медицина факультетінің 5-курс студентінің асылып қалғанын хабарлады.

Студент ақылы бөлімде оқыған. Ол емтиханда төмен бал алып қалған. Басқа студенттер оның орта есеппен 57 бал жинағанын айтты.

Университет ақпаратты растады. Бірақ тергеу құпиясын алға тартып, қайғылы оқиғаның мән-жайымен бөлісуден бас тартты. Полицейлер әзірге ешқандай ақпарат ұсынбады.

Еске салсақ, маусым айының ортасында Ақтөбе облысында болашақ дәрігерлерді мемлекеттік сараптамадан өткізу төңірегінде жанжал шыққан болатын. Медицина факультетінің студенттері тест нәтижелеріне наразылық білдірген. 400 интерн шекті балдан сәл жоғары бал жинаған. Студенттер өз білімдеріне сенімді. Бірақ төмен бағаға байланысты олардың ешқайсысы резидентураға түсе алмады.

Дереккөз: orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары