Алтыншы Каспий саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңіз жағалауында орналасқан елдерге өңірлік азық-түлік хабын құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы артып келеді. Былтыр Қазақстанның Каспий жағасындағы елдермен өзара сауда айналымы шамамен 3,4 млрд доллар болды. Оның 70%-ға жуығы Ресеймен құрлық арқылы жасалды»,- деген Қазақстан Президенті өңірде Каспий жағасындағы елдердің азық-түлік хабын құруды ұсынды.
«Қазақстанның ет пен сүт өнімдерінің экспортын арттыра алтындай әлеуеті бар. Мемлекеттеріміздің сауда байланысын нығайта түсу үшін заманауи логистикалық инфрақұрылымды да ұдайы дамыту қажет. Сондықтан біз Каспий жағалауындағы елдердің азық-түлік хабын құруды ұсынамыз. Ол хаб өзара сауда айналымы шынынын барынша азайтуға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.