$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында бұрын істі болған қырық шақты адам мемқызметте жүр

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облысы бойынша департаменті мұның себебін түсіндірді.

Қостанай облысында мемлекеттік қызметшілер арасында бұрын істі болған 39 адам жұмыс істеп жүр. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облысы бойынша департаменті мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Департаменттің түсіндіруінше, заңнамаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасаған, бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамдар үшін саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметке тұруға өмір бойына шектеу белгіленген.

«Мемлекеттік қызметке кіру үшін уақытша шектеулер мемлекеттік қызметке кірер алдында үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық немесе ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарға белгіленген. Қостанай облысында саяси және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істейтін 39 адам мемлекеттік қызметке түскенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған», - деп түсіндірді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінде.

Яғни, осы 39 тұлғаға заңнамаға сәйкес шектеу қолданылмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары