$ 494.87  520.65  4.91

Дизель отынын заңсыз сатқан директор сотталды

ЖШС басшысы 2021 жылы 990 миллион теңге көлемінде заңсыз кіріс алған.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Дизель отынын құжатсыз сатқан «Asia TEG» ЖШС мен «Евро-Азия ТЕМП» ЖШС директоры үш жылға сотталды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

ҚМА хабарлауынша, ЖШС басшысы 2021 жылы Жылыой ауданында 3 мың тоннадан астам дизель отынын құжатсыз сатып алып, Маңғыстау облысына сатып, 796,5 миллион теңге көлемінде заңсыз кіріс алған. Сондай-ақ, бұл азамат «Еуро-Азия ТЕМП» ЖШС директоры бола тұра, 2021 жылы құжатсыз 3 мың тоннаға жуық дизель отынын заңсыз сатып алып, Маңғыстау облысына өткізіп, 990 миллион теңге көлемінде заңсыз кіріс алған.

Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Рақымшылық туралы заңның негізінде бұл мерзім екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дизель