Дизель отынын құжатсыз сатқан «Asia TEG» ЖШС мен «Евро-Азия ТЕМП» ЖШС директоры үш жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
ҚМА хабарлауынша, ЖШС басшысы 2021 жылы Жылыой ауданында 3 мың тоннадан астам дизель отынын құжатсыз сатып алып, Маңғыстау облысына сатып, 796,5 миллион теңге көлемінде заңсыз кіріс алған. Сондай-ақ, бұл азамат «Еуро-Азия ТЕМП» ЖШС директоры бола тұра, 2021 жылы құжатсыз 3 мың тоннаға жуық дизель отынын заңсыз сатып алып, Маңғыстау облысына өткізіп, 990 миллион теңге көлемінде заңсыз кіріс алған.
Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Рақымшылық туралы заңның негізінде бұл мерзім екі жылға бас бостандығынан айырылды.