$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан бірнеше елге бітімгерлік күштерін жіберетін болды

Қазір Батыс Сахарада 6, «Ливандағы уақытша күштерде» 9 әскери қызметші қызмет өткеріп жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Қарулы Күштерінен 430 қызметкер Орталық Африка, Конго және Малиде бітімгершілік миссияға қатысуға барады. Мемлекет басшысының осы туралы ұсынысын Парламент депутаттары қолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

«Осының негізінде Конституцияның 53-бабына сәйкес бітімгершілік контингент – жалпы саны 430 әскери қызметшіні:
1) Орталық Африкадағы тұрақтандыру жөніндегі миссияға;
2) Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі миссияға;
3) Малидегі тұрақтандыру жөніндегі миссияға;
«Ливандағы уақытша күштер» миссиясына жіберу туралы ұсыныс енгіземін», – делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламентке ұсынысында.

Ұсыныс БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін жасалды.

«Қазіргі уақытқа дейін Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Парламент қаулыларына сәйкес бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемені орындау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссияларына жіберіліп отырды. 2014 жылдан бастап 45 офицер Батыс Сахарадағы, Кот-д’Ивуардағы, Ливандағы миссияға әскери байқаушы және штаб офицері ретінде, 2018 жылдан бастап 520 әскери қызметші бітімгершілік бөлімше құрамында «Ливандағы уақытша күштер» миссиясына қатысты», – деді президент ұсыныс жеткізген Қорғаныс министрі.

Қазір Батыс Сахарада 6, «Ливандағы уақытша күштерде» 9 әскери қызметші қызмет өткеріп жатыр.

Қазақстан штаб офицері, әскери байқаушы ретінде қазіргі уақытта миссияда анағұрлым тапшы болып табылатын жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік, әскери полиция бөлімшесін бөлуге дайын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары