WBA және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Украинадағы жағдайға қатысты пікірін айтты деп хабарлады turkystan.kz fightnews.info сайтына сілтеме жасап.
Басылымының жазуынша, Генадий болып жатқан жағдайды «жаһандық трагедия» деп айтқан.
«Бұл – қайғылы жағдай. Қазіргі болып жатқанның бәрі – жаһандық трагедия. Мен оған сәл басқаша көзқараспен қараймын, бірақ бұл менің ақталуым емес. Тағы да қайталаймын, бұл – жаһандық трагедия. Сыртқы көзқарас менің ойымды өзгертпейді. Егер кінәлілер болса, міндетті түрде жауапкершілікке тартылар еді. Бұл туралы айту маған қиын. Мен мұндай жаһандық сұрақтарға жауап беретін саясаттанушы емеспін, – деді Геннадий Головкин баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ, Головкин өзінің «Канеломен» үшінші жекпе-жегі төрт жыл бұрын өткен болса, қызығырақ болатынын атап өтті.
Айта кетсек, 17 қыркүйекте Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтеді.