$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда еліміздің елтаңбасын құрылыс қоқысына тастаған

Павлодардың сыртындағы құрылыс қоқыстарының арасынан Қазақстанның Елтаңбасы табылды.

Павлодарда құрылыс қалдықтарының арасынан Қазақстанның елтаңбалары табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодарлық экологтардың айтуынша, полигон Қазақстан электролиз зауытының санитарлық-қорғау аймағында орналасқан. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жөнелтілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы (Мемлекеттік рәміздерді қорлау) бойынша сот тергеуі басталды.

Осы бап бойынша кінәлі адам 2000 АЕК (6 126 000 теңге немесе 13 027 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бас бостандығын шектеуге жазаланады. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары