$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында қарулы қақтығысқа қатысқан 15 адам ұсталды

Олардан Tranfoglio және «Стражник» маркалы жарақат тапаншалары, оқ-дәрі, бұрыш бүріккіштері, пышақтар мен кастеттер тәркіленді.

Ақмола облысында бір-бірімен қақтығысқан барлығы 15 адамнан тұратын қарулы екі топ қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымның 28-де департаменттің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлеріне «Қарасай тас жолы» айналма жолы бойындағы автодромда қарулы топтардың қақтығысы орын алғандығы туралы хабар түсті.

«Оқиға орнына криминалдық полиция басқармасының арнайы мақсаттағы бөлімше жедел-тергеу тобының қызметкерлері дереу жетті. Алдын ала тергеу барысында қақтығысқа қатысушылар - Көкшетау және Қарағанды қалаларының 22 жастан 40 жасқа дейінгі 15 тұрғыны екені анықталды. Олардан Tranfoglio және «Стражник» маркалы жарақат тапаншалары, оқ-дәрі, бұрыш бүріккіштері, пышақтар мен кастеттер тәркіленді», - деді ведомстводан.

Полиция департаменті баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Қарулы қақтығысқа байланысты Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі - қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Сараптама тағайындалды», - деп толықтырды ведомстводан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары