Кеше Өскеменде қатты дауыл болып, ондаған үйді қиратып кетті, деп хабарлайды Atameken Business. Бүлінген үйлер Шығыс ауылындағы «Нұрлы көш» бағдарламасымен салынған баспаналар. Зардап шеккен тұрғындардың айтуынша, кенеттен соққан құйын бас-аяғы бірнеше минуттың ішінде ауыл ішін астаң-кестең еткен.