Қаржы мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактілерінің жолын кесті, деп хабарлады ведомсвтоның баспасөз қызметі.
«Тергеу барысында азаматтар В.Р. Легин мен С. А. Рыжаков жалған тұлғаларға ресімделген 13 компания құрғаны анықталды. Содан кейін материалдық пайда табу мақсатында 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде осы компаниялардың атынан бірқатар заңды тұлғаларға жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген», - делінген агенттік хабарламасында.
В.Р. Легин мен С.А. Рыжаковтың қылмыстық әрекеті салдарынан мемлекетке төленбеген салық түрінде 2 млрд теңгеден астам шығын келген.
«Сот екеуін де кінәлі деп тауып, Легин Вильгельм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырып, Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шығарды», - делінген хабарламада.