$ 494.87  520.65  4.91

«Асекең үйленемін десе, рұқсат беремін» - Асанәлі Әшімовтің жұбайы

Осы кісіге тірек болайыншы, қолымнан келсе, көзіндегі жасты сүртейінші, жүрегіне қуаныш ұялатайыншы дедім.

Асанәлі Әшімовтің келіншегі Бағдат Әшімова оған екінші әйел алып беруге қатысты өз ой-пікірін білдірді. Сөзінше, отағасы тағы үйленемін десе ол қарсылық танытпайды. Керісінше өз рұқсатын бермек, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асанәлі Әшімов пен Бағдат Әшімованың қарым-қатынасына бастапқыда жас алшақтығы мен ата-ана қарсылығы кедергі болған. Ол кезде актер 66 жаста, ал ғашығы 31 жаста еді. Алайда бұл жайттарға қарамастан Бағдат Әшімова жүрегі таңдаған ер азаматымен бірге болуды шешкен. 

«Сөздің құдіреті ғой. Кітабын бір түнде оқып шықтым. Сол кітапта Асекең ішіндегі жан сырын ақтарған, басындағы қайғысын, жүрегіндегі ащы өкінішін жазған. Кітаптағы сөз мені баурап алды. Осы кісіге тірек болайыншы, қолымнан келсе, көзіндегі жасты сүртейінші, жүрегіне қуаныш ұялатайыншы дедім», - деді ол.

Бүгінде ерлі-зайыптының отау құрғанына 19 жыл болған. Олардың Асанәлі есімді ұлы бар. Одан бөлек, әртістің немере-шөберелері жетерлік. Бағдат Әшімова актердің өткен өміріне құрметпен қарайтынын жеткізді. Оған қоса, ол алдағы уақытта күйеуінің тағы әйел алуына қарсы емес екенін айтты. 

«Бұрын апаларымыз тоқалды өздері алып беріп отырған ғой. Ол да болса бәйбішеге мойын бұратын, сол әулетке қызмет ететін қыз бала болып жатса, неге алмасқа? Бірақ мен өз ойымды айтамын. Ал енді Асекең тағы бір кісіге үйленем деп жатса, мен көнер ме едім, көнбес пе едім? Менен жақсысын тауып жатса, Асекеңнің жағдайын менен жақсы  жасайтын, шын берілген адамды сүйіп жатса, рұқсат беретін едім»,  - деді Бағдат Әшімова «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, бұған дейін Асанәлі Әшімов екі ұлының өлімінен кейін қандай күй кешкенін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары