$ 449.58  486.94  4.86

65 жастағы зейнеткер жас келіншекті зорлады деген күдікке ілінді

Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтқан.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында жас келіншекті зорлады деген күдікпен 65 жастағы зейнеткер ұсталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Аталған оқиға Райымбек ауданында тіркелген. Құзырлы органның мәліметінше, бұған дейін аудандық полиция бөліміне 31 жастағы ауыл тұрғыны жүгінген. Келіншектің сөзінше, осыдан бір ай бұрын көрші ауылдан қайтарда "Жигули" көлігінің жүргізушісі оған зорлық көрсеткен.

Полицейлер аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 65 жастағы такси жүргізушісі ұсталған. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтқан. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша бірнеше сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция егер айыпталушының кінәсі дәлелденбесе, жалған ақпарат берген жәбірленушінің өзі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары