$ 443.35  475.54  4.82

Түркия аумағында Украинадан ұрланған бидай тасымалдап жүрген «Zhibek Zholy» жүк кемесі қамауға алынды

Қазақша атаулы бұл кеме ҚТЖ-ға тиесілі.

Түркияның жағалау күзеті Украинадан үлкен көлемде астық тасымалдаған «Zhibek Zholy»» жүк кемесін тоқтатқаны белгілі болды.

Украинаның Түркиядағы елшісі Боднар: «Zhibek Zholy» атты кеме қазір порттың кіреберісінде тұр, оны түрік кеден органдары тоқтатты, - деп мәлімдеді. 

7 мың тонна астық тиеген Ресей туы көтерілген кеме Түркияның Сыртқы істер, Сауда, Көлік министрліктері рұқсат берсе ғана Қарасу портына кіріп, астық жүктерін түсіре алады. 

Қазақша атаулы бұл кеме ҚТЖ-ға тиесілі, бірақ Ресей компаниясы тарапынан жалға алынған көрінеді. Мәселе халықаралық деңгейде тексерілуде.

Естеріңізде болса, Украина Түркиядан Ресей жаулап алған Бердянск портынан шыққан украин астығын ұрлап тиеп, Ресей туын іліп алған «Zhibek Zholy» жүк кемесін ұстап, тұтқындауды талап еткен еді.

Украина сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі теңіз сауда департаментінен алынған ақпаратқа сілтеме жасай отырып, Бердянсктен «Zhibek Zholy» кемесі 7 мың тоннадан астам астықты алып шыққанын хабарлады.

«Қазақстан темір жолдары» ұлттық компаниясының еншілес мекемесіне тиесілі «Zhibek Zholy» кемесі жүк басып Новороссийск портынан 22 маусым күні шыққан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары