$ 447.4  477.55  4.76

Криштиану Роналду командасыз қалды

Роналдудың "Манчестер Юнайтед" командасының қазіргі жағдайына көңілі толмайды.

"Манчестер Юнайтед" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду бірде-бір клубпен келісімге келмеді. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

Қазіргі уақытта футболшы агенті Жорже Мендеш басқа командалармен келіссөз жүргізуде. 

Бірақ, "Бавария", "Челси" және ПСЖ командалары шабуылшыны сатып алудан бас тартқан. Дегенмен "Бавариядан" Роберт Левандовски кетсе, мюнхэндік команда келіссөзге қайта оралуы мүмкін. 

Роналдудың "Манчестер Юнайтед" командасының қазіргі жағдайына көңілі толмайды. Ол ешқандай жанжалсыз командадан кетісі келеді. 

Биыл ол "МЮ" сапыпнда барлық турнирде 39 кездесу өткізіп, 24 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. 

Дереккөз: nege.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары