04.07.2022, 22:10

Түрмеден шыққандар балаларды мектепке тасып жүрген

Фото: ашық дереккөз
Қазақстанның Бас прокуратурасы балаларды тасымалдау саласында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады қадағалау органының баспасөз қызметі.

Кей өңірлерде оқушыларды тасымалдауға бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған және балалармен жұмыс істеуге құқығы жоқ адамдар жіберілген.

«Кейбір автобустар рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден, ал жүргізушілер медициналық куәландырудан өтпеген. Жалпы, автобус паркінің жай-күйі, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы (өрт сөндіргіштердің, қауіпсіздік белдіктерінің, жарқылдауық маяктардың, «Балаларды тасымалдау» тақтайшаларының болмауы және т.б.) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді деп танылды» - делінген хабарламада.