$ 494.87  520.65  4.91

Қазақтың қара баласы - Алехандро Кларо Фисс

Қоғам белсендісі жеңіс мінберіне көтерілген спортшылардың басына тақия кигізуді ұсынды.

Қоғам белсендісі, журналист Аслан Қаженов елімізде өтетін спорттық жарыстарда берілетін сувенирлердің орнына қазақтың ұлттық нақыштағы бұйымдарын таратуды жөн санайтынын жеткізді. Ол жеңіс мінберіне көтерілген спортшылардың басына тақия кигізуді ұсынды. 

"Елордада бокстан халықаралық турнир өтті. Соның видеосын ақтарып отырып, осыны көзім шалып қалды. Тақия әдемі жарасып тұр емес пе? 

Ұйымдастырушыларға хабарласқам. Бәріне берілмепті. Тек осы кубалық спортшыға тарту еткен екен. Енді мынадай ой келді. Алдағы уақытта барлық қонақтарға берсек пе деген. Мейлі жүлдеге іліксін-ілікпесін, әйетуір, кішігірім сувенир ретінде үлестірілсе. 

Әлгі рюкзак, смартфон, шейкерлерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Бағасы да арзан. Осы Алехандро сияқтылар киіп алады. Кейбірі кимеуі мүмкін. Бірақ, жалпы алғанда күшті бастама болары сөзсіз...", деп жазған ол өзінің фэйсбук парақшасында. 

Естеріңізге сала кетсек, Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-Жек» сарайында бокстан ерлер мен әйелдер арасында I халықаралық «Елорда кубогі» турнирі өтіп жатыр. Дүбірлі жарыста «Елорда кубогі» үшін барлығы 10 елден 250 спортшы бокстасады. Олардың арасында Куба, Өзбекстан, Үндістан, Моңғолия және басқа да елдердің өкілдері бар.

Спортшылар 25 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынайтын болады. Яғни әйелдер 12 салмақ дәрежесі, ал ерлер 13 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Қазақстан құрамасы атынан 50-ге жуық былғары қолғап шеберлері шығады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары