05.07.2022, 12:40

Елордада Астана күніне орай отшашу болмайды

Фото: ашық дереккөзден
Алайда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бірақ қаланың 24 жылдығына орай концерттерден бастап спорттық фестивальдерге дейін ондаған түрлі іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана күнінде қалада бірқатар әлеуметтік нысандардың (кезекте тұрғандарға пәтер кілттерін тапсыру), зауыттың, скверлердің, қоғамдық кеңістіктердің, 80-нен астам аула аумақтарының және т. б. ашылуы өтеді.

Сонымен қатар, осы күнге орай қаланың бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдары концерттер, спорттық турнирлер, көрмелер және т. б. ұйымдастырады.