$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылуы мүмкін

Мамандар жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үйді сату жылдамдығы айтарлықтай төмендейтінін болжап отыр.

 

Зейнетақы жинақтарының тұрғын үйге жұмсауға болатын шекті мөлшерінің өсуіне және келесі жылы «7-20-25» бағдарламасының аяқталуына байланысты алдағы уақытта ипотекаға сұраныс төмендеуі мүмкін. Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының Төрағасы Қанат Шалапаев Үкімет отырысында айтты.

Мамандар жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үйді сату жылдамдығы айтарлықтай төмендейтінін болжап отыр.

Бұл ретте «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының Төрағасы сұраныстың азаймауына жол бермеу мақсатында халық үшін екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігін іске қосуды ұсынды.

    «Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде мынадай базалық шарттар ұсынылады:

  •          бастапқы жарна 20 пайыздан бастап;
  •          кредит беру мерзімі 20 жылға дейін;
  •          қарыздың ең жоғарғы сомасы 35 млн. теңгеге дейін;
  •          төлем қабілеттілігін міндетті түрде растау.

Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5%-дан аспайтын ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 7% субсидияланады», - деді Қанат Шалапаев.

Шалапаевтың сөзінше, екінші деңгейлі банктер өз қаражаты есебінен құрылыс салушылардың бастапқы тұрғын үйіне және Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген салынып жатқан тұрғын үйге қарыз бере алады.

Бұл бағдарламаны іске қосу үшін заңнамалық өзгерістер қажет емес. Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім Қаржы министрлігінің қарауында. Бюджет мақұлданғаннан кейін, Қазақстандық тұрғын үй компаниясы осы бағдарламаны дереу іске қоса алатыны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары