05.07.2022, 18:00

Үздіктер қатарына қосылған Дамир Исмагулов МакГрегорге үндеу жасады

Фото: ашық дереккөз
Қазақ файтері Дамир Исмагулов (24-1) жеңіл салмақта UFC рейтингінде үздік 15 спортшының қатарына енді.

Ресей атынан жекпе-жек өтізетін қазақ файтері Дамир Исмагулов (24-1) жеңіл салмақта UFC рейтингінде үздік 15 спортшының қатарына енді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  хабарлайды.

Рейтинг қортындысы белгілі болғаннан кейін Дамир ирландиялық Конор МакГрегорге үндеу жасады.

Исмагулов UFC-да бас-аяғы бес кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтады. Кеше рейтинг бойынша үздік 15 файтердің қатарына қосылды. 

Осыдан соң ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "Конор, мен жақын жердемін", - деп жазба қалдырды.